Philips HR1871 User Manual

Page 52

Advertising
background image

- Сүзгінің негізінде орналасқан кесетін кішкене пышақтарға қолыңызды тигізбеңіз. Олар өте

өткір.
Ескерту

- Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған.

- Көтергенде, құрылғыны бекіту тетігінен ұстамаңыз.

- Philips арнайы ұсынбаған немесе Philips компаниясынан басқа өндірушілер шығарған

қосалқы құралдарды немесе бөлшектерді қолдануға болмайды. Қолданған жағдайда, өнімнің

кепілдігі өз күшін жояды.

- Құрылғы тербелмей тұруы үшін, үстелдің үсті мен құрылғының асты әрдайым таза болуы

керек.

- Құралды қоспас бұрын, барлық бөлшектердің дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.

- Құралды бекіту тетігі бекітулі тұрғанда ғана пайдалану керек.

- Бекіту тетігін тек құрал өшіріліп, сүзгі айналуы тоқтағаннан кейін ғана ашық күйге қоюға

болады.

- Қолданып болған соң құралды міндетті түрде розеткадан ажыратыңыз.

- Шу деңгейі: Lc = 78 дБ (А).

Қауіпсіздік мүмкіндігі

- Бұл шырын сыққыштың тым көп азық салынғанда құралды қызып кетуден сақтайтын

қауіпсіздік мүмкіндігі бар. Қызып кетсе, шырын сыққышта автоматты түрде толып кетуден

қорғау мүмкіндігі іске қосылып, құрал өзі өшеді. Мұндай жағдайда, басқару тұтқасын 0 күйіне

қойып, құралды розеткадан ажыратыңыз да, 15 минут суытыңыз. Шырын құмырасын

шығарып, қақпақты, шырын жинағышты және ұлпа жинайтын ішкі ыдысты алып тастаңыз да,

толып кетуден қорғау түймесін басыңыз (Cурет 2).
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)

Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес

келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми

дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.

Пайдалануға дайындау

1

Алынатын барлық бөліктердің таза екенін («Тазалау» тарауын қараңыз) және дұрыс

салынғанын тексеріңіз.

2

Мотордың негізінен ток сымын босатып алыңыз (Cурет 3).

3

Ұлпа жиналатын ішкі ыдысты моторға орнатыңыз (Cурет 4).

4

Шырын жинағышты ұлпа жиналатын ішкі ыдысқа тағыңыз (Cурет 5).

5

Сүзгіні мотордың қозғалтқыш білігіне орнатыңыз. Сүзгінің қозғалтқыш білігіне мықтап

тағылғанын тексеріңіз (Cурет 6).

6

Шырын сыққыштың қақпағын жабыңыз (Cурет 7).

7

Бекіту рычагын бекіту позициясына көтеріп қойыңыз (Cурет 8).

8

Шырын шашырамау үшін, құмыраның қақпағын жауып қойыңыз (Cурет 9).

Ескертпе. Көбік бөлгіш таза шырын алуға мүмкіндік береді.

9

Шырын құмырасын шүмектің астына қойыңыз (Cурет 10).

Ескертпе. Шырын тікелей стақанға жиналу үшін, шүмектің қосымшасын

қолданыңыз (Cурет 11).

ҚазаҚша

52

Advertising
This manual is related to the following products: