Philips HR1871 User Manual

Page 53

Advertising
background image

Құралды пайдалану

Құрал барлық бөлшектері дұрыс жиналып, бекіту тетігі бекітулі болған жағдайда ғана жұмыс

істейді.

1

Жеміс-жидектерді және/немесе көкөністерді жуып, қажет болса, азық салатын түтікке

сыятын етіп тураңыз.

2

Шырын құмырасы шүмектің дәл астына қойылғанын тексеріңіз (Cурет 10).

3

Құралды қосу үшін, бақылау түймесін 1 (төмен жылдамдық) бағдарламасына немесе 2

(қалыпты жылдамдық) бағдарламасына апарып қосыңыз (Cурет 12).

Ескертпе. Қатты жеміс-жидектер мен көкөністер үшін (мысалы, алма, қызылша, сәбіз)

2-жылдамдықты (қалыпты жылдамдық) пайдалануды ұсынамыз. Жұмсақ жеміс-жидектер үшін

(мысалы, жидектер, киви, жүзім, қызанақ, қияр және қауын) 1-жылдамдықты (төменгі

жылдамдық) пайдаланған жөн.

4

Алдын ала турап қойған бөліктерді азық салатын түтікке салып, итергіштің көмегімен

айналып жатқан сүзгіге қарай ақырын итеріңіз (Cурет 13).

Итергішке қатты салмақ түсірмеңіз, себебі ол шырынның сапасына әсер етіп, сүзгіні бітеп

тастауы да мүмкін.
Азық салатын түтікке ешқашан саусақтарыңызды немесе басқа заттарды салмаңыз.

5

Итергіштің ойығын азық салатын түтіктің ішіндегі шығыңқы жеріне келтіріп, итергішті

түтікке салыңыз (Cурет 13).

6

Қажетті азықтың бәрін салып болғанда немесе ұлпа жиналатын ішкі ыдыс толып қалғанда,

құралды өшіріп, розеткадан ажыратыңыз. Сүзгі айналып тоқтағанша, күтіңіз.

7

Ұлпа жиналатын ішкі ыдысты босату үшін, қақпақты ашып, сүзгіні және шырын

жинағышты шығарыңыз.

8

Дәмінің рахатын толық сезіну үшін, шырынды дайындап болғаннан кейін бірден ішкен

дұрыс.

Ескертпе. Шырынды тоңазытқышқа салғанда, шырын құмырасының қақпағы жабық болуы

керек.

Кеңестер

Дайындау

- Шырын көбірек алыну үшін, итергішті ақырын басу керек.

- Шырыны көбірек болатындықтан, жаңа піскен жеміс-жидектер мен көкөністерді қолданған

дұрыс. Әсіресе, ананас, қызылша, сельдерей жапырақтары, алма, қияр, сәбіз, саумалдық, қауын,

қызанақ, апельсин және жүзім шырынын алған қолайлы.

- Қант қамысы сияқты өте қатты және/немесе талшықты, крахмалды жемістерді немесе

көкөністерді шырын сыққыштан өткізуге болмайды.

- Бұл шырын сыққыштан салаттағы сияқты жапырақтарды немесе жапырақ бұтақтарын

өткізуге болады.

- Шиенің, қара өріктің, шабдалының, т.б. сүйектерін алып тастаңыз. Қауын, алма немесе жүзім

секілді жемістердің өзегін және дәндерін алудың қажеті жоқ.

- Жұқа қабықтарды алудың қажеті жоқ. Тек жеуге жарамсыз қалың қабықтарды, мысалы,

апельсин, ананас, киви, қауын және пісірілмеген қызылша қабықтарын тазалау керек.

- Алма шырынын дайындағанда, алма шырынының қоюлығы алманың түріне байланысты

болатынын есте сақтаңыз. Алма неғұрлым шырынды болса, шырын соғұрлым сұйық болады.

Өзіңізге ұнайтын шырынды шығаратын алма түрін таңдаңыз.

ҚазаҚша

53

Advertising
This manual is related to the following products: