Қазақ – Vitek VT-1559 User Manual

Page 26

Advertising
background image

26

ҚАЗАҚ

орнатқан кезде, сондай-ақ тазалау
алдында оны желіден ажыратып
қойыңыз.

• Құрылғыны тазаламас бұрын, алынбалы

бөлшектерін шешпес/орнатпас бұрын
оны суытып алыңыз.

• Бумен бұқтырғышты ажырату үшін

таймерді «OFF/сөндірулі» күйіне
орнатыңыз да, желілік ашаны розеткадан
сурыңыз.

• Электр шнуры үстелден салбырап

тұруын, сондай-ақ оның ыстық немесе
өткір беттерге тиюін болдырмаңыз.

• Прибор мен желілік шнурды ыстық

беттерден, жылу көздері мен өткір
заттардан алшақ ұстаңыз.

• Құрылғыны балаларға ойыншық ретінде

пайдалануға рұқсат бермеңіз.

• Приборды балалардың жəне мүмкіндігі

шектеулі жандардың қолдары жетпейтін
жерде сақтаңыз. Оларға құрылғыны
үлкендердің қарауынсыз пайдалану үшін
бермеңіз.

• Бұл құрылғы балалар мен мүмкіндіктері

шектеулі адамдардың пайдалануына
арналмаған, ол тек, олардың
қауіпсіздігіне жауап беретін адаммен,
оларға қауіпсіз пайдалану туралы
тиісті жəне түсінікті түсіндірмелір мен
құрылғыны дұрыс пайдаланбаған
жағдайда пайда болуы мүмкін қауіптер
туралы түсінік берілген жағдайда ғана
мүмкін.

• Электр тоғының соғу қаупін болдырмас

үшін приборды, желілік шнурды, желілік
ашаны суға немесе басқа да сұйықтыққа
батырмаңыз.

• Құрылғының желілік шнуры, желілік

ашасы бүлінген жағдайда, немесе кез
келген бүлінулер орын алған жағдайда,
оны пайдаланбаңыз. Құрылғыны өз
бетіңізше шашпып бөлшектемеңіз
жəне жөндемеңіз. Құрылғыны жөндеу
үшін рұқсаты бар сервис орталығына
жолығыңыз.

• Прибор тек үйде пайдалануға арналған.

АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
• Бумен бұқтығышты шығарып алыңыз

жəне қаптама материалын алып
тастаңыз.

• Бу тостағандарын (1, 2, 3), бөлшектерді

(12), (13), күрішті бұқтыруға немесе көже
пісіруге арналған ыдысты (4), қақпақты
(5) жəне конденсатты жинауға арналған
төсемді (6) жұмсақ жуғыш құралды
қолдана отырып жуыңыз.

• Əбден шайыңыз жəне сүртіңіз.
• Суға арналған резервуардың (10) ішкі

бетін жұмсақ матамен сүртіңіз.

ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
• Бумен пісіргішті тегіс тұрақты бетке

орналастырыңыз.

• Резервуарға (10) суық суды МАХ ең

жоғарғы деңгейге дейін толтырыңыз.

• Резервуарға суды екі тəсілмен толтыруға

болады: - су құюға арналған саңылау (9)
арқылы (1-сурет) немесе суды тікелей
резервуардың өзіне (2-сурет) құюға
болады.

• Егер тағам əзірлеу кезінде сіз судың

ең төменгі (Min)белгіден төмен түсіп
кеткенін байқаған болсаңыз, онда оны
булау тостағандарын шешпей-ақ, су
құюға арналған саңылау (9) арқылы құя
аласыз (1-сурет). Сүзгіден өткізілген суды
пайдаланыңыз, оның ащылығы төмен
болады, бұл қыздырғыш элементте
қақтың пайда болу деңгейін төмендетуге
мүмкіндік береді. Суды MAX ең жоғарғы
белгіден асырып құймаңыз.

Ескерту:
- Суға тұз, бұрыш, дəмдеуіштер,

шөптер, шарап, тұздық немесе басқа
сұйықтықтарды қосуға тыйым салынады.
Бұл құрылғының сынып қалуына əкеп
соғуы мүмкін.

- Бумен бұқтырғышты əрбір пайдаланар

алдында суды ауыстырып отырыңыз.

• Конденсатты жинауға арналған төсемді

(6) суға арналған резервуарға (10)
орнатыңыз да, оның дұрыс орнатылғанын
тексеріңіз.

• Алынбалы түпті (12-13) тиісті булау

тостағанына (2-3) орнатыңыз.

1559.indd 26

1559.indd 26

10.06.2010 14:51:01

10.06.2010 14:51:01

Advertising