Philips HD9149 User Manual

Page 67

Advertising
background image

- Бу себеттеріне тым көп тамақ салмаңыз. Тамақ бөліктері арасына біраз бос орын

қалдырыңыз және тамақты себеттің түбіне тегіс жайыңыз.

- Тамақтың үлкендеу бөліктерін және бумен ұзақ пісірілетін тамақты ең төменгі бу себетіне

(1) салыңыз.

- Жұмыртқаларды ыңғайлы түрде бумен пісіру үшін, оларды жұмыртқа ұстағыштарына

салыңыз (Cурет 8).

- Сорпа тостағанын (белгілі бір түрлерде) сорпа немесе пудинг жасау, күріш пісіру, балықты

қайнату, көкөністерді тұздықта дайындау және маринадталған тамақ пісіру үшін қолдануға

болады. Сондай-ақ, бумен пісіру себеттерінің ішіне сыятын жеңіл тостағанды осы азық-

түліктерді дайындау үшін қолдануға болады. Мұндай жағдайда, бумен пісіру ыдысының

ішінде тиісті бу айналымына мүмкіндік беру үшін тостағанның айналасында біраз бос орын

болуын қамтамасыз етіңіз.

- Тек белгілі бір түрлерде: сорпа ыдысы сорпа, басқа да сұйық тамақтар мен балық әзірлеуге

арналған. Сорпа тостағанын пайдаланғыңыз келгенде, оны үлкен бумен пісіру себетіне (3)

салыңыз (Cурет 9).

- Тек белгілі бір түрлерде: астында орташа бумен пісіру себеті (2) бар үлкенірек табақ жасау

үшін үлкен бумен пісіру себетінен (3) алынбалы ыдыс түбін шығарғанда, әлі де балық, күріш

немесе сорпа әзірлеу үшін жоғарғы жағына сорпа ыдысын қоюға болады (Cурет 10).

- Бөліктері үлкен тамақты бумен пісіру мақсатында (мысалы, бүтін тауық, жүгері собығы) бір

үлкен себет жасау үшін, орташа бу себетінен (2) және үлкен бу себетінен (3) алынбалы

түптерді алуыңызға болады.

Ескертпе Бу себеттерінің ең үлкен сыйымдылығы 1 кг.

7

Бір немесе бірнеше бу себетін тамшы науасына қойыңыз. Себеттерді дұрыстап

қойып, шайқалмайтынын тексеріңіз (Cурет 11).

- 3 бу себетінің барлығын қолдану міндет емес.

- Бу себеттері 1-ден 3-ке дейін нөмірленген. Бу себеттерінің нөмірлерін олардың

тұтқаларынан табасыз. Үлкенірек себетті кішірек себеттің үстіне қоюыңызға болады, бірақ

логикалық үлкею ретімен қойсаңыз себеттер жақсы сәйкес келеді: ең кіші себет (1) бірінші,

одан кейін орташа себет (2), одан кейін үлкен себет (3). Бу себеттерінің астына әрқашан

тамшы науасын пайдаланыңыз және тағаммен толтырылған бу себеттерін ғана

пайдаланыңыз (Cурет 12).

- Астыңғы кіші бу себетімен (1) үлкенірек себет жасау үшін орташа бу себетінен (2)

алынбалы түпті алып тастағанда, үлкен бу себетін (3) әлі де үстіне қоюыңызға болады.

8

Жоғарғы бу себетінің қақпақпен жабыңыз (Cурет 13).

Ескертпе Егер бу себетінің қақпағы жабылмаса не дұрыс жабылмаған болса, тамақ дурыс бумен

пісірілмейді.

Құралды пайдалану

1

Штепсельдік ұшты қабырға розеткасына қосыңыз.

, Жарық шеңбері жанып, басқару панелінде әдепкі бумен пісіру уақыты (20 минут) пайда

болады (Cурет 14).

2

Қажетті бумен пісіру уақытын таңдау үшін, таймерді реттеу тетігін солға немесе оңға

бұраңыз (Cурет 15).

3

Бумен пісіруді бастау үшін, бастау/тоқтату түймесін басыңыз (Cурет 16).

, Бумен пісіру процесі басталады. Жарық шеңбері баяу жыпылықтап, таймер орнатылған

бумен пісіру уақыты кері қарай санайды (Cурет 17).

Ескертпе Көп мөлшерде тамақ пісірген кезде, тамақ пісіру уақытының жартысы өткенде,

ұзын сапты ас үй құралымен тамақты араластырыңыз. Пешке арналған қолғап кийіңіз.

ҚазаҚша

67

Advertising
This manual is related to the following products: