Philips HD9149 User Manual

Page 68

Advertising
background image

, Бумен пісіру процесі аяқталғанда, құрылғы 5 рет сигнал шығарады және жылылықты

сақтау режиміне автоматты түрде ауысады («Жылылықты сақтау» бөлімін

қараңыз). (Cурет 18)

4

Қолданғаннан кейін қақпақты абайлап алыңыз.

Қақпағын ашқанда, құралдан ыстық бу шығады. Одан абай болыңыз.
Ескертпе Күйіп қалмау үшін, қақпақты алғанда пеш қолғаптарын киіңіз. Қақпақты жайлап,

өзіңізден алыс алыңыз. Қақпақтың жиналған тамшыларын бу себетіне ағызыңыз.
Ескертпе Тамақты бу себеттерінен алу үшін, ұзын сапты ас үй құралдарын пайдаланыңыз.

5

Бу себетін шығарғанда, ондағы жиналған суды астындағы бу себетіне немесе тамшы

науасына ағызыңыз.

6

Штепсельдік ұшты қабырғадағы розеткадан ажыратып, тамшы науасын (1) алмас бұрын,

бумен пісіргішті толық суытып алыңыз.

7

Әрбір қолданыстан кейін су құтысын негізді артқа қисайтып, суын негіздің артынан төгу

арқылы босатыңыз (Cурет 3).

Тамшы науасын алғанда және су ыдысын босатқанда абайлаңыз, себебі екеуіндегі су

құралдың басқа бөліктері суыған болса да әлі ыстық болуы мүмкін.
Ескертпе Бумен пісіру кезінде су таусылып қалса, «су ыдысы бос» шамы жанады және шам

дөңгелегі су ыдысын қайта толтыру керектігін көрсетіп жыпылықтай бастайды (Cурет 19).
Ескертпе Көбірек тамақты бумен пісіру керек болса және көбірек керек болса, су ыдысын

қайта толтыру үшін сумен қайта толтыру шүмегі арқылы біраз су көлемін құюыңызға болады.
Ескертпе Құрал 2 минут бойы қолданылмаса ол автоматты түрде күту режиміне өтеді.

Бастау/тоқтату түймесін басып басқару панелін қайта іске қосыңыз.

Жылы сақтау режимі

Бумен пісіруден кейін, бумен пісіргіш жылы сақтау режиміне автоматты түрде ауысады және

жылы сақтау шамы жанады.

Жылы сақтау режимі тамақты 20 минут бойы жылы сақтайды.

- Тамақты 20 минуттан ұзағырақ жылы сақтау керек болса, таймерді реттеу тетігін солға

немесе оңға бұрап, жылы сақтау уақытын реттеңіз.

- Егер қосылып тұрғанда жылы сақтау режимін ажырату керек болса, бастау/тоқтату түймесін

басыңыз.

Тазалау және техникалық қызмет көрсету

Құралды тазалағанда, қыратын шүберектерді, қырғыш тазалау құралдарын, жанармай немесе

ацетон сияқты сұйықтықтарды қолданбаңыз.

1

Қуат сымын қабырғадағы розеткадан ажыратып, құралды суытыңыз.

2

Негізгі бөліктің сыртын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.

Негізгі бөлікті суға батыруға немесе оны ағынды сумен шаюға болмайды.
Негізгі бөлікті ыдыс жуғышта жууға болмайды.

3

Су ыдысын алдымен біраз ыдыс жуу сұйықтығы қосылған жылы суға

малынған шүберекпен, одан кейін таза дымқыл шүберекпен сүртіңіз.

4

Қақпақты біраз ыдыс жуу сұйықтығы қосылған жылы сумен тазалаңыз.

ҚазаҚша

68

Advertising
This manual is related to the following products: