Philips HD9149 User Manual

Page 69

Advertising
background image

5

Бумен пісіру себеттерінен алынбалы ыдыс түптерін алыңыз. Бумен пісіру себеттерін,

алынбалы ыдыс түптерін, дәмдендіргішті, тамшы науасын және сорпа ыдысын (тек белгілі

бір түрлерде) қолмен біраз жуу сұйықтығы қосылған суда тазалаңыз. Сондай-ақ, бұл

бөлшектерді қысқа айналым мен төмен температураны пайдаланып ыдыс жуғыш

машинамен тазалауға болады.

Бу себеттерін қайта-қайта ыдыс жуғыш машинада жуу бұл бөліктердің аздап оңуына әкелуі

мүмкін.

Қаспақты кетіру

Су ыдысында қақ жиналса, құралды қақтан тазарту керек. Жақсы жұмыс істеуі үшін, бумен

пісіргішті қақтан тұрақты тазартып тұру керек.

1

Су ыдысын ақ сірке суымен (8% сірке қышқылы) MAX (ЕҢ ЖОҒАРҒЫ) көрсеткішіне

дейін толтырыңыз.

Басқа қақтан тазалау сұйықтықтарын қолдануға болмайды.

2

Тамшы науасы мен кіші бу себетін (1) негізге дұрыстап орнатыңыз (Cурет 20).

3

Кіші бу себетінің үстіне қақпақты қойыңыз (Cурет 21).

4

Штепсельдік ұшты қабырға розеткасына қосыңыз.

5

Құралды 20 минут бойы жұмыс істету үшін бастау/тоқтату түймесін басыңыз (Cурет 16).

Сірке суы негізгі бөліктің шетінен тасып қайнап кетсе, құралды розеткадан ажыратып, сірке

суын азайтыңыз.

6

Құрал сигнал шығарғанда, розеткадан ажыратып , сірке суын әбден суытып алыңыз. Одан

кейін, су ыдысын босатыңыз.

7

Су ыдысын суық сумен бірнеше рет шайып жіберіңіз.

Ескертпе Егер су ыдысында әлі де қақ бар болса, осы процедураны тағы қайталаңыз.

Сақтау

1

Құралды сақтап қояр алдында, оның барлық бөліктерінің таза және құрғақ екенін

тексеріңіз. («Тазалау және техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).

2

Ток сымын жинап қою үшін, оны құрал тірегінің орағышына орап қойыңыз (Cурет 22).

3

Тамшы науасын негізге орнатыңыз (Cурет 5).

4

Алынбалы түптердің бу себеттеріне салынғанын тексеріңіз.

5

Үлкен бу себетін (3) тамшы науасына қойыңыз. Орташа бу себетін (2) үлкен бу себетіне

(3) қойыңыз. Кіші бу себетін (1) орташа бу себетіне (2) қойыңыз (Cурет 23).

6

Тек белгілі бір түрлерде: сорпа тостағанын шағын бумен пісіру себетіне қойыңыз.

7

Сорпа тостағанын (тек белгілі бір түрлерде) немесе шағын бумен пісіру себетін

қақпақпен жабыңыз (Cурет 24).

Кепілдік және қызмет көрсету

Қызмет көрсету жұмыстары немесе ақпарат қажет болса немесе проблема туындаса, Philips

компаниясының www.philips.com/support веб-торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Philips

тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз. Телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік

кітапшасынан табуға болады. Еліңізде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған жағдайда,

жергілікті Philips дилеріне хабарласыңыз.

ҚазаҚша

69

Advertising
This manual is related to the following products: