Philips HD9149 User Manual

Page 73

Advertising
background image

- Жұмыртқаны бумен пісіргішке салар алдында тесіп алыңыз.

- Тоңазытылған етті, тауықты немесе теңіз тағамдарын бумен пісіруге болмайды. Бумен

пісірмес бұрын, міндетті түрде ерітіп алыңыз.
Тәтті тағамдар

- Тәтті тағамдардың дәмін күшейту үшін, қант қосудың орнына біраз даршын қосыңыз.

Жалпы кеңестер

- Тек белгілі бір түрлерде: күріш пісіру үшін күріш пен суды сорпа тостағанына салу керек.

Мөлшері туралы ақпаратты жоғарыдағы тамақты бумен пісіру кестесінен қараңыз.

- Күріш пісіруді аяқтаған кезде, құралды өшіріп, күрішті араластырыңыз және қақпағын жабулы

күйде оны 5 минуттай ыдыста қойыңыз. Бұл жақсырақ нәтиже береді.

- Сорпа тостағанын (белгілі бір түрлерде) сорпа немесе пудинг жасау, күріш пісіру, балықты

қайнату, көкөністерді тұздықта дайындау және маринадталған тамақ пісіру үшін қолдануға

болады. Сондай-ақ, бумен пісіру себеттерінің ішіне сыятын жеңіл тостағанды осы азық-

түліктерді дайындау үшін қолдануға болады. Мұндай жағдайда, бумен пісіру ыдысының

ішінде тиісті бу айналымына мүмкіндік беру үшін тостағанның айналасында біраз бос орын

болуын қамтамасыз етіңіз.

- Тамақ бөліктерінің арасына біраз орын қалдырып, тамақты себеттің түбіне тегіс жайыңыз.

- Бу себеті тым толып тұрса, бумен пісіру уақытының жартысы өткенде, тамақты

араластырыңыз.

- Аз мөлшердегі тамақ көп мөлшердегі тамаққа қарағанда аз уақытта піседі.

- Тек бір бу себетін пайдалансаңыз, 2 немесе 3-бу себетін пайдаланғандағыға қарағанда

тамақ қысқарақ бумен пісіру уақытын қажет етеді.

- Егер бірнеше бу себетін пайдалансаңыз, 5-10 минут артық пісіріңіз.

- Кіші бу себетіндегі (1) тамақ жоғарыдағы бу себеттеріне қарағанда жылдамырақ дайын

болады.

- Жеместен бұрын тамақтың дұрыс піскенін тексеріңіз. Бұл әсіресе шошқа еті, тартылған ет

және тауық үшін маңызды болып табылады.

- Бумен пісіру барысында, тамақ немесе тамақ салынған себеттерді қосуға болады.

Ингредиентті пісіруге аздау уақыт кететін болса, кейінірек қосыңыз.

- Құрал жылы сақтау режиміне өткен кезде, пісіру процесі шамалы уақыт жалғасады. Егер

тамақ жақсылап піскен болса, пісіру процесі аяқталып, құрал жылы сақтау режиміне өткен

соң, тамақты пісіргіштен шығарып алыңыз.

- Егер тамақ әлі піспеген болса, ұзағырақ бумен пісіру уақытын орнатыңыз. Бұл жағдайда су

ыдысына су қосу керек болуы мүмкін.

- Бумен пісіру ыдысын жасалып қойған сорпаны сорпа тостағанында (тек белгілі бір

түрлерде) немесе бумен пісіру себеттерінің ішіне сыятын жеңіл тостағанда жылыту үшін

қолдануға болады. 250 мл дейінгі сорпаны ысыту үшін шамамен 10 минут кетеді.

ҚазаҚша

73

Advertising
This manual is related to the following products: