Xl бумен пісіру табағы, Құралды пайдалану – Philips HD9140 User Manual

Page 58

Advertising
background image

- Көлемді тағамдарды (мысалы, жүгері собығы немесе ямс) бумен пісіру керек болса, орын

босату үшін, 2 немесе 3-бумен пісіру табағының түбін алып тастауға болады (Cурет 9).

9

Жоғарғы бумен пісіру табағын қақпақпен жабыңыз (Cурет 10).

Ескертпе. Бумен пісіру табағы қақпақпен дұрыс жабылмаса немесе мүлдем жабылмаса, тамақ

дұрыс піспейді.

XL бумен пісіру табағы

XL бумен пісіру табағы сорпаға, бұқтырылып пісірілетін тағамдарға, сұлы ботқасына және

күрішке, сондай-ақ, басқа табақтарда бумен пісіруге арналмаған тамақтарға арналған.

1

XL бумен пісіру табағын келесі табақтармен бірге пайдалануға болады:

- 1 және 2-табақтар немесе 2 және 3-табақтар (Cурет 11).

- 1, 2 және 3-табақтар. (Cурет 12)

Ескертпе. XL бумен пісіру табағын 1-табақтың үстіне қоюға болмайды, себебі ол керекті бос

орын қалдырмайды.

2

XL табағын 2 немесе 3-табақтардың үстіне қоймас бұрын, 2 немесе 3-табақтың түптерін

алып тастау керек.

Кеңес. XL табағын пайдаланғанда, оның үстін аллюминий фольгамен жауып бумен пісіру уақыт

азайтуға болады. (Cурет 13)

Құралды пайдалану

1

Штепсельдік ұшты қабырғадағы розеткаға қосыңыз.

, Құрал сигнал береді.

, Қосу/тоқтату түймесіндегі жарық шеңбері жанады (Cурет 14).

2

Мәзір түймесін пісірілетін тамақ түріне орнатыңыз (Cурет 15).

Мәзір түймелерінің алдын ала орнатылған пісіру уақыттарын «Тамақ кестесі және бумен пісіру

кеңестері» тарауынан қараңыз.
Ескертпе. Мәзір түймелерінің алдын ала орнатылған пісіру уақыттарынан басқа уақытты қою

керек болса, керекті уақытқа ең жақын келетін бумен пісіру мәзір түймесін басыңыз. Одан

кейін, бумен пісіру уақытын арттыру немесе азайту үшін, таймердің «+» және «-» түймелерін

басыңыз.

, Түйме айналасындағы жарық шеңбері жанып, дисплейде алдын ала орнатылған пісіру

уақыты көрсетіледі.

, Бумен пісіру процесі басталып, таймер уақытты кері қарай санай бастайды.

, Бумен пісіру уақыты аяқталғанда, құрал сигнал беріп, жылы сақтау режиміне ауысады

3

Әртүрлі бумен пісіру уақытын талап ететін тағамдарды пісіру қажет болса, таймерді ең

ұзақ пісіру уақытына орнатыңыз. Ең ұзақ пісетін тамақты 1-табаққа салыңыз. Экрандағы

қалған уақыт келесі пісіру уақытына теңескенге дейін пісіріңіз. Ас үй қолғабын киіп,

қақпақты абайлап ашыңыз да, азырақ пісетін ингредиенттер салынған 2-табақты

1-табақтың үстіне қойыңыз. 2-табақты қақпақпен жауып, орнатылған пісіру уақыты

біткенше пісіріңіз.

Ескертпе. Жоғарғы табақтағы тамақ төменгі табақтағы тамаққа қарағанда ұзағырақ піседі.

4

Көп мөлшерде тамақ пісірген жағдайда, бумен пісіру уақытының жартысы өткенде,

тамақты араластырыңыз. Ас үй қолғабын киіп, ұзын сапты ас үй құралын қолданыңыз.

5

Қақпақты абайлап ашыңыз.

Қақпағын ашқанда, құралдан ыстық бу шығады. Одан абай болыңыз.

ҚазаҚша

58

Advertising