Сақтау, Кепілдік және қызмет көрсету, Қоршаған орта – Philips HD9140 User Manual

Page 60

Advertising
background image

Ескертпе. Қақтан тазалағаннан болса да, құрылғы қолданыста болған кезде, қақтан тазалау

жарығы 1 сағат жыпылықтап тұрады. Егер құрылғыны осы 1 сағат ішінде қақтан тазаламаса,

қақтан тазалау жарығы автоматты түрде сөнеді. Құрылғыны 15 сағат пайдаланған соң, ол

қайта жанады.

1

Су ыдысын ақ сірке суымен (8% сірке қышқылы) ең жоғарғы деңгейге дейін

толтырыңыз.

Басқа қақтан тазалау сұйықтықтарын қолдануға болмайды.

2

Тамшы науасы мен 1-табақты негізгі бөлікке дұрыстап орнатыңыз (Cурет 7).

3

1-табақты қақпақпен жабыңыз (Cурет 10).

4

Штепсельдік ұшты қабырғадағы розеткаға қосыңыз.

5

Мәзір түймесін және «+» немесе «-» түймесін басып, құралды 25 минутқа қосып

қойыңыз.

Сірке суы негізгі бөліктің шетінен тасып қайнап кетсе, құралды розеткадан ажыратып, сірке

суын азайтыңыз.

6

25 минуттан соң, құралды розеткадан ажыратып, сірке суын әбден суытып алыңыз. Одан

кейін, су ыдысын босатыңыз.

7

Су ыдысын суық сумен бірнеше рет шайып жіберіңіз.

Ескертпе. Егер су ыдысында әлі де қақ бар болса, осы процедураны тағы қайталаңыз.

сақтау

1

Құралды сақтап қояр алдында, оның барлық бөліктерінің таза екенін тексеріңіз.

(«Тазалау» тармағын қараңыз).

2

3-бумен пісіру табағын тамшы науасына қойыңыз.

3

Алынбалы түптердің 2 және 3-бумен пісіру ыдыстарына салынғанын тексеріңіз.

4

2-бумен пісіру табағын 3-бумен пісіру табағының ішіне салыңыз. 1-бумен пісіру табағын

2-бумен пісіру табағына салыңыз. (Cурет 17)

5

XL табағын бумен пісірудің басқа табақтарының үстіне қойыңыз.

6

XL табағын қақпақпен жабыңыз.

7

Қуат сымын жинап қою үшін, негізгі бөліктегі сымды жинап қоятын орнына

кіргізіңіз (Cурет 18).

кепілдік және қызмет көрсету

Қызмет көрсету жұмыстары, ақпарат қажет болса немесе шешілмеген мәселе болса, Philips

компаниясының www.philips.com веб-торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Philips тұтынушыларды

қолдау орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік кітапшасынан табуға

болады). Еліңізде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған жағдайда, жергілікті Philips

дилеріне хабарласыңыз.

Қоршаған орта

- Жұмыс мерзімі аяқталғанда, құрылғыны тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Қайта

өңдейтін арнайы жинау орнына тапсырыңыз. Бұл әрекет қоршаған ортаны сақтауға септігін

тигізеді (Cурет 19).

ҚазаҚша

60

Advertising