Пайдалануға дайындау – Philips HD9120 User Manual

Page 57

Advertising
background image

2

Су ыдысы ішін дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз.

Пайдалануға дайындау

1

Құралды тегіс, тұрақты және көлденең жерге қойыңыз.

2

Су ыдысына ең жоғарғы деңгейіне дейін су толтырыңыз. Су ыдысы толып тұрғанда,

бумен пісіргіш шамамен 1 сағат бумен пісіреді (Cурет 2).

Су ыдысына тек қана су құю керек. Су ыдысына ешқашан дәм шығарушы қоспа, май немесе

басқа заттарды қосуға болмайды.

3

Тамшы науасын негізгі бөліктегі су ыдысының үстіне орнатыңыз (Cурет 3).

Құралды тамшы науасынсыз қолдануға болмайды.

4

Бумен пісірілетін тағамыңызға қосымша дәм қосу керек болса, кептірілген немесе жас

шөпті немесе дәмдеуіштерді дәмдендіргішке салуға болады (Cурет 4).

Дәмдендіргішке жебіршөп, кориандр, насыбайгүл, аскөк, карри және эстрагон жусаны сияқты

шөптерді және дәмдеуіштерді салуға болады. Дәмді арттыру үшін, тұз қоспастан, бұларды

сарымсақпен, тминмен немесе ақжелекпен араластыруға болады. Кептірілген шөптерді немесе

дәмдеуіштерді пайдаланғанда, 0,5-3 кішкене қасық салуды ұсынамыз. Жас шөп пен

дәмдеуіштерді көбірек салуға болады.

Әртүрлі тағам түріне арналған шөптер және дәмдеуіштер түрі жөніндегі кеңестерді «Тамақ

кестесі және бумен пісіру кеңестері» тарауындағы бумен пісіру кестесінен қараңыз.
Кеңес Шөптерді немесе дәмдеуіштерді қолданған жағдайда, тамшы науасын шайып,

дәмдендіргішті сулап жіберіңіз. Бұл шөптер мен дәмдеуіштердің дәмдендіргіштің тесіктерінен

түсіп кетуіне кедергі жасайды (Cурет 5).

5

Пісірілетін тамақты бір немесе бірнеше бумен пісіру табағына және/немесе XL бумен

пісіру табағына (төмендегі «XL бумен пісіру табағы» бөлімін қараңыз) салыңыз.

Кеңес Жұмыртқаларды дұрыстап бумен пісіру үшін, оларды жұмыртқа ұстағыштарына

салыңыз (Cурет 6).

6

Үлкендеу тамақ кесектерін және ұзақ пісетін тамақты төменгі бумен пісіру табағына

салыңыз.

7

Бу ағынын бөгемеу үшін, тамақтардың арасында жеткілікті орын қалдырыңыз. Бумен

пісіру табақтарына көп тамақ салмаңыз.

8

Бір немесе бірнеше бумен пісіру табағын тамшы науасына қойыңыз. (Cурет 7)

Ескертпе Табақтардың дұрыс салынғанын және олардың шайқалмайтынын тексеріңіз.

- Бумен пісіру табақтарының үшеуін де қолдану міндет емес.

- Бумен пісіру табақтары нөмірленген. Олардың нөмірін тұтқаларынан көруге болады. Ең

жоғарғы бумен пісіру табағының нөмірі — 3, ортаңғы табақ нөмірі — 2, ал ең төменгі

табақтың нөмірі — 1.

- Бумен пісіру табақтарын міндетті түрде мына кезекпен салуыңыз керек: 1-бумен пісіру

табағы, 2-бумен пісіру табағы, 3-бумен пісіру табағы.

- 2 және 3-бумен пісіру табақтарын алынбалы түптерімен пайдаланған жағдайда, табақ

шеттерінің жоғары қарап тұрғанын және түбінің орнына түскенін («сырт» ете түседі)

тексеріңіз (Cурет 8).

- Тек 2-бумен пісіру табағының түбін алып тастаса да, 3-бумен пісіру табағын оның үстіне

қоюға болады.

- Көлемді тағамдарды (мысалы, жүгері собығы) бумен пісіру керек болса, орын босату үшін, 2

және/немесе 3-бумен пісіру табағының түбін алып тастауға болады (Cурет 9).

9

Жоғарғы бумен пісіру табағын қақпақпен жабыңыз (Cурет 10).

ҚазаҚша

57

Advertising