Қазақ – Vitek VT-4060 SR User Manual

Page 50

Advertising
background image

ҚАЗАҚ

50

(төсек, диван, кілем жəне т.б.) қоймаңыз. Құрылғыны желдету үшін қажетті ауа ағыны жоқ жерлерге қоймаңыз (шкафтар, қуыстар). Құрылғыны
жылу көздерінен алыс жерде ұстаңыз: плиталар, пештер, батареялар, өзге жылыту аспаптары.

Су мен ылғалдылық.
Құрылғыны ылғалдылығы жоғары жерлерге (жуынатын бөлме, душ кабинасы, раковина, кір жуу машинасы), сонымен қатар ылғал беттерге
жəне т.б. қоймаңыз. Егер құрылғының бетінде конденсат пайда болса, одан дискіні шығарыңыз, қосулы құрылғыны екі-үш сағатқа қалдырыңыз,
осы уақытта ол қызады жəне конденсат буланып кетеді.

СІЗДІҢ DVD ОЙНАТҚЫШЫҢЫЗ.
Төменде берілген нұсқаулар өзіңіздің DVD ойнатқышыңызды пайдаланудан барынша рахат алуға көмектеседі.

ОЙНАТҚЫШТЫ ОРНАТУ ҮШІН ЕҢ ЫҢҒАЙЛЫ ЖЕР.
Жабдықты бейнемагнитофондардан, радиоқабылдағыштардан, дауыс зорайтқыштардан алшақ тұрақты, тегіс бетке қою қажет, себебі ондай
құрылғылармен түзілетін магнит өрісі дыбыстың немесе бейненің бұрмалануына алып келеді. Құрылғыны жабық шкафтарда, қуыстарда
орнатқан жағдайда, ашық желдетуді қамтамасыз ету қажет, кем дегенде 1 шаршы метр бос жер болуы керек.

БЕЙНЕ ТАЗАЛЫҒЫ.
DVD ойнатқыш – жоғары дəлдік ойнатқышы. Оптикалық жазып алатын элементтер немесе диск науасы ластанғанда немесе тозғанда бейне
сапасы нашарлайды. Анық бейнені сақтау үшін құрылғыны əрбір 1000 сағат жұмыстан кейін тексеріп, оған техникалық қызмет көрсетіп отыру
қажет. Толық мағлұмат алу үшін жабдық жеткізушімен хабарласыңыз.

ОЙНАТЫЛАТЫН ДИСКІЛЕР.
Осы DVD ойнатқыш келесі диск түрлерін ойнатады: DVD, MP3, CD, CD-R жəне CD-RW, сондай-ақ қателерді түзету мүмкіндігіне ие. Суреттерді
жəне сандық фотоальбомдары бар дискілерді көру мүмкіндігін ұсынады. Сегіз тілді, 32 титр тілін қолдайды, бейнелеудің көп ракурстық режимі.
Ойнатқыш баптауда жəне экран менюімен жұмыс істеуде қиындық тудырмайды, жаңарту мүмкіндіктері бар толық функционалды орталық
процессор негізінде жасалынған.

САНДЫҚ АУДИО ШЫҒЫС.
Коаксиалды шығыс сыртқы алты каналды AV күшейткішті жəне DOLBY Digital жəне MPEG форматтарын қолдайтын процессорды тек бір
кабельдің көмегімен ғана қосуды қамтамасыз етеді. Бұл Сізге əр түрлі DVD, CD жəне MP3 дискілерді рахаттанып көруге мүмкіндік береді.

АНАЛОГТЫҚ АУДИО ШЫҒЫС.
Ішіне орнатылған алты каналды күшейткішке ие акустикалық жүйе сыртқы күшейткішті қосуды қажет етпейді.

ЛАЗЕРЛІК БАСТИЕКТІ КЕРНЕУ ӨЗГЕРІСІНЕН САҚТАУ ЖҮЙЕСІ.
Лазерлік бастиектің қызмет мерзімін ұзарту үшін ойнатқышта кернеу өзгерісінен сақтаудың бірегей жүйесі бар жəне ол лазер тогын
тұрақтандыруды қамтамасыз етеді.

Аксессуарлар

Пайдаланушы нұсқаулығы

Қашықтықтан басқару пульті

A/V кабель

АМ антенна

FM антенна

Акустикалық жүйені қосуға арналған

кабель

Осы ойнатқыш келесі диск түрлерін ойнатуға арналған:

Диск түрі

Белгісі

Мазмұны

DVD

Аудио/Видео

MP3

Аудио

Video-CD (VCD)

Аудио/Видео

CD-DA

Аудио

Picture CD

JPEG фото СD

MPEG-4

Аудио/Видео

ДИСКІЛЕР
ДИСКІЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Нұсқаулықтың осы тарауында осы құрылғыда пайдаланылатын дискілерді қолдану, оларды тазалау жəне сақтау ережелері туралы ақпарат
мазмұндалған.

4060.indd 50

4060.indd 50

23.10.2006 9:25:27

23.10.2006 9:25:27

Advertising