Қазақ – Vitek VT-4060 SR User Manual

Page 54

Advertising
background image

ҚАЗАҚ

54

дауыс зорайтқыш бір деңгейде орналасуы жəне тыңдаушыларға
бағытталуы керек.

2. Үш өлшемді немесе шалғай дауыс зорайтқыштарды тыңдаушы

құлағының деңгейінен жоғары орнатқан жөн.

3. Сабвуферді бөлменің кез келген жерінде орнатуға болады, оның

орналасуы дыбысталудан алатын əсерге байланысты болмайды.

4. Төмен жиіліктердің оптималды əсерін қамтамасыз ету үшін

сабвуферді үй кинотеатрының жүйесіне қосу ұсынылады.

ДАУЫС ЗОРАЙТҚЫШТАРДЫ ҚОСУ
Осы DVD ойнатқыштың тамаша құрылымы дыбыстың оптималды
сапасын қамтамасыз етеді, алайда бұл жағдайда номиналды кедергісі
бар дауыс зорайтқыштар пайдаланылуы қажет.

Маңызды
1 Əрбір бес дауыс зорайтқыштың минималды толық кедергісі 4 Ом,

сабвуфердікі – 8 Ом тең.

2 Егер Сіз тек бір дауыс зорайтқышты пайдаланғыңыз келсе

немесе моно музыканы тыңдағыңыз келсе, онда қосымша дауыс
зорайтқыштарды сол жəне оң каналдың кірістеріне параллель
қоспаңыз (төмендегі суретті қараңыз).

Дауыс зорайтқыштардың сымдарын қосу.
1. Сымның оқшаулағыш жабынының шамамен 1,3 см кесіңіз.
2. Бекіткішке басып, қажетті ағытпаны ашыңыз.
3. Сымның ұшын ағытпаға салыңыз.
4. Бекіткішті босатыңыз, дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.

Ескерту: Электр тізбегінің зақымдануына жол бермеу үшін оң жəне
теріс байланыстардың қорғалған сымдары бір-бірімен жанаспауын
қадағалаңыз.

АНТЕННАНЫ ҚОСУ.
Кейбір бөлмелердің ішінде жəне белгілі бір жағдайларда үнемі
радиосигнал қабылдана бермейді. Жеткізу топтамасына кіретін
антенналар осы проблеманы шешуге көмектеседі. Олар тек бөлме
ішінде пайдалануға арналған.

AM рамалық антенна.
Рамалық антеннаны сигналды анық қабылдайтындай етіп
орналастыру қажет. Оны DVD ойнатқыштан, теледидар
қабылдағышынан, дауыс зорайтқыштардан жəне кез келген қорек
кабельдерінен алысырақ орналастырыңыз. Егер сигнал əлсіз болып
қала берсе, онда сыртқы антеннаны қосу қажет.

Рамалық антеннаны қалай қосу қажет:
Бекіткішті төменге қаратыңыз, содан кейін сымды ұяға салыңыз.
Сигнал қатты жəне анық болатын жерді тауып алыңыз.

FM антенна.
FM толық жазылған жəне біршама қатты сигнал бағытына
бағытталған болуы қажет. Антеннаны сигналдың бұрмалануы
барынша аз болатындай етіп орналастырыңыз. Егер сигнал əлсіз
болып қала берсе, сыртқы антеннаны қосу қажет.

Жүйені баптау

МЕНЮДІ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУ ҚАЖЕТ.
Жүйені баптау менюіне кіру үшін «SETUP» батырмасын басыңыз.
Баптау режимінен шығу үшін «SETUP» батырмасын қайта басыңыз.
Менюдің бір тармағынан басқа тармаққа өту үшін бағыттау
батырмаларын пайдаланыңыз, тармақты таңдау үшін «ENTER»
батырмасын басыңыз.
(1) Бапталмайтын меню тармақтары сұр түспен ерекшеленген.

(2) Баптауға енгізілген өзгерістер жадыға енгізіледі жəне ойнатқышты

сөндірген кезде де сақталады.

GENERAL SETUP PAGE:

TV Display (теледидар қабылдағышының экраны):

4:3 PANSCAN (экранды биіктігі бойынша толтыру): ойнатқышты
кəдімгі теледидар қабылдағышына қосқан кезде кең экранды бейне
барлық экранды биіктігі бойынша толтырады, ені бойынша шеттері екі
жақтан қиылады.

4:3 LETTERBOX (экранды ені бойынша толтыру): ойнатқышты
кəдімгі теледидар қабылдағышына қосқан кезде кең экранды бейне
барлық экранды ені бойынша толтырады, үстінде жəне астында қара
жолақтар қалады.

16:9: Егер ойнатқыш кең экранды теледидар қабылдағышына
қосылған болса, осы тармақты таңдап алыңыз.

Wide-Squeeze (кең-қысылған): Егер ойнатқыш кең экранды
теледидар қабылдағышына қосылған болса, осы тармақты таңдап
алыңыз.

ANGLE MARK (ракурс):
Егер менюдің осы тармағы əр түрлі бағыттан қарау мүмкіндігімен
DVD дискіні ойнату кезінде қосылған (ON) болса, экранда тиісті
пиктограмма пайда болады.

OSD LANG (меню тілі):
Экран менюінің тілін таңдау.

CLOSED CAPTIONS (жасырынған титрлер):
Егер дискіде титрлер болмаса, бұл функция жұмыс істемейді. Осы
қондырғыны қосу үшін қашықтықтан басқару пультінде «SUBTITLE»
батырмасын басыңыз.

SCREEN SAVER (экран сақтағыш):
Осы функция (қосулы күйде) келесі түрде əрекет етеді: ойнатқыш
қосылған жəне бірнеше минут бойы дискісіз жұмыс істейді, экранда
қозғалып тұратын сурет пайда болады жəне 20 минуттан кейін
ойнатқыш күту режиміне ауысады.
Жұмыс режиміне қайтару үшін қашықтықтан басқару пультіндегі
«STANDBY» батырмасын қайта басыңыз.

LAST MEMORY (соңғы жазба).
Егер бұл функция қосулы (ON) болса, ойнатқыш Сіз қай уақытта
дискіні қарауды тоқтатқаныңызды есте сақтайды. Келесі жолы, Сіз
сол дискіні қайта салсаңыз, ол автоматты түрде тоқтатқан жерден
ойнататын болады.

ДЫБЫСТЫҚ БАПТАУЛАР:
АНАЛОГТЫ ДЫБЫСТЫҚ КАНАЛДЫҢ БАПТАУЛАРЫ:

4060.indd 54

4060.indd 54

23.10.2006 9:25:28

23.10.2006 9:25:28

Advertising