Қазақ – Vitek VT-4060 SR User Manual

Page 57

Advertising
background image

ҚАЗАҚ

57

Автоматты баптау
Осы ойнатқыш жадыда 40 АМ жəне 40 FM бір-біріне тəуелсіз
радиостанцияларды сақтауға есептелген.
1. Автоматты баптау режимін қосу үшін «AUTO» батырмасын

басыңыз.

2. Станциялар жадыға сигнал жиілігі ұлғайған тəртіпте енгізіледі,

іздеу барлық жиілік диапазоны жүріп өтілгенге дейін жүргізілетін
болады. Есте сақтағаннан кейін дисплейде станцияның реттік
нөмірі жəне жиілігі бейнеленетін болады.

3. Берілген диапазонда табылған станциялардың саны 40 жеткеннен

кейін іздеу аяқталады. Осы диапазонның қалған станциялары
жадыға енгізілмейді.


Сақталған станциялардың бірін қосу үшін
1. Радионы қосу үшін «SOURCE» батырмасын басыңыз, ал содан

кейін жиіліктердің қажетті диапазонын таңдау үшін «TITLE/AM/FM»
батырмасын басыңыз.

2. Сандары бар батырмалардың көмегімен қажетті станцияның

нөмірін енгізіңіз. Мысалы, нөмір бесінші станцияны таңдап алу
үшін «0» батырмасын, ал содан кейін «5» батырмасын басыңыз,
ал он жетінші станцияны таңдау үшін алдымен «1» батырмасын,
ал содан кейін «7» батырмасын басу керек.

3. «ЖОҒАРЫ» жəне «ТӨМЕН» батырмаларының көмегімен

жадыдағы жазбалардың жүйелігі тəртібінде ойнатылатын
станцияларды таңдауға болады.

С DVD БАЙЛАНЫСТЫ НЕГІЗГІ ОПЕРАЦИЯЛАР
Осы ойнатқышты теледидар қабылдағышына немесе басқа құрылғыға
қосып, Сіз өзіңіздің сүйікті DVD фильмдеріңізді көре аласыз, сонымен
қатар МР3 файлдарды, дыбыстық дискілерді тыңдай аласыз.

DVD видео дискіні ойнату үшін:
Теледидар қабылдағышын немесе басқа құрылғыны қосыңыз.
Егер Сіз SCART қосуды пайдаланып жатсаңыз, онда TV менюінде
«SCART» функциясы таңдап алынғанына көз жеткізіңіз.
Егер күшейткіш жалғанса, онда оны қосыңыз. AC-3 немесе DVD
режимін таңдап алыңыз.

Аудио дискіні ойнату үшін
DVD ойнатқыш қосылған аудионы ойнату құрылғысын қосыңыз.
Егер дыбысты шығару құрылғысы Dolby Digital көлемді дыбысталу
форматын қолдамайтын болса, онда SETUP (БАПТАУЛАР) менюінде
SPDIF «OFF» (ӨШІРУЛІ) жағдайына орнатыңыз.
1. Ойнатқыштың алдыңғы панеліндегі «POWER» батырмасын

басыңыз. Дисплейдің экранында «DISK LOADING» (ДИСКІНІ
ОЙНАТУ) жазуы пайда болады. Егер диск науасында диск
болмаса, онда дисплейде «NO DISK» (ДИСК ЖОҚ) жазуы пайда
болады.

2. «OPEN/CLOSE» (АШУ/ЖАБУ) батырмасын басыңыз. Диск науасы

ашылады.

3. Дискіні науаға жұмыс бетін төмен қаратып салыңыз. Диск науасын

жабу үшін «OPEN/CLOSE» (АШУ/ЖАБУ) батырмасын қайта
басыңыз. Диск бар науа автоматты түрде жабылады. Экранның
жоғарғы сол жақ бұрышында енгізілген дискінің пиктограммасы
пайда болады. Ойнату дискіні оқығаннан кейін бірден басталады.

DVD ойнату кезінде дисплей экранында диск менюі пайда болады.
CD тректер олар дискіде жазылған кезектілікте ойнатылатын болады.

Ескерту:
1). Дискіні салу кезінде ұқыпты болыңыз, дискіні науаға қате салу

оның зақымдануына немесе ойнатқыш жұмысында бұзылуларға
алып келуі мүмкін.

Ешбір жағдайда дисковод науасына бөтен заттарды салмаңыз.

2). Дискіні ойнату кезінде ойнатқышты қозғалтпаңыз, бұл дискінің,

сонымен қатар ойнатқыштың өзінің бұзылуына алып келеді.
Дисководты тек ойнатқыш панеліндегі немесе қашықтықтан
басқару пультіндегі «OPEN/CLOSE» батырмасының көмегімен
ғана ашыңыз жəне жабыңыз.

4. Келесі/алдыңғы тректі ойнату.
Ойнату кезінде алдыңғы трекке өту үшін

батырмасын немесе

келесі трекке өту үшін

батырмасын басыңыз. Тректерді кезекпен

ойнату үшін «PLAY» (ІСКЕ ҚОСУ) батырмасын басыңыз.

5. Алдыға/артқа

тез

өту.

Ойнатқыш ойнату кезінде тез алдыға немесе артқа өтуді
қарастырады. Жылдамдық келесі тəртіпте өзгереді: 2Х, 4Х, 8Х, 16Х
,32Х.
Өтулер ойнатқыш панеліндегі немесе қашықтықтан басқару
пультіндегі

немесе

батырмаларының көмегімен жүргізіледі.

Жылдамдық батырманы əр басқан сайын өзгеріп тұрады. Қалыпты
жылдамдықпен ойнату үшін «PLAY» батырмасын басыңыз.

Берілген бағдарлама бойынша ойнату.
Осы ойнатқыш дискіні ойнату қай жерде тоқтатылғанын есте сақтауға
қабілетті, бұл келесі жолы ойнатуды дəл сол жерден бастау үшін
қажет. Ойнатуды тоқтату үшін «STOP» (СТОП) батырмасын басыңыз.
Қарауды қалпына келтіру үшін «PLAY» (ПУСК) батырмасын басыңыз,
ойнатқыш диск тоқтатылған жерді атоматты түрде тауып алады жəне
ойнатуды сол жерден бастайды (MP3 дискілерден басқа).
DVD дискілерді ойнату кезінде негізгі менюге өту үшін «MENU»
немесе «TITLE» батырмасын басыңыз, ойнатқыш ағымдағы жағдайды
есте сақтайды. Қарауды немесе тыңдауды жалғастыру үшін «PLAY»
(ПУСК) батырмасын басыңыз, ойнатқыш тоқтатылған жерден
ойнатуды бастайды.

ФУНКЦИЯЛАР.
Экран индикациясы.
Дискіні ойнату кезінде экранда көптеген параметрлерді бақылауға
болады: тарау атауы, трек нөмірі, əр түрлі уақыт параметрлері.
1. «OSD» батырмасын бір рет басыңыз, тарау, бөлім атауы, оны

ойнату ұзақтығы пайда болады.

2. «OSD» батырмасын тағы бір рет басыңыз, тарау/бөлім соңына

дейін қалған уақыт пайда болады.

3. Тарау параметрлерінің индикациясын өшіру үшін «OSD»

батырмасын үшінші рет басыңыз.

N/P (NTSC/PAL жүйесі).
Осы DVD ойнатқыш əр түрлі видеосигналды кодтау жүйелерін
қолдайды, сонымен қатар Auto, PAL жəне NTSC жүйелерін автоматты
таңдау. Егер кодтау жүйесі дұрыс таңдалмаса, бейне жыпылықтайды,
түсін жоғалтады. NTSC кодтау жүйесі Солтүстік Америкада, PAL
жүйесі Еуропада пайдаланылады. Видео сигнал форматы туралы
толық ақпарат алу үшін теледидар қабылдағышының нұсқаулығын
оқыңыз.

Титрлер.
Ойнатқыш 32 тілде титрлерді бейнелей алады.
1. «SUBTITLE» (СУБТИТРЛЕР) батырмасын басыңыз. Титрлерді

баптау менюі пайда болады. Қажетті тілді таңдап алыңыз.

2. Титрлерді алып тастау үшін «SUBTITLE» батырмасын басыңыз

жəне титрлер кетпейінше басып, ұстап тұрыңыз.

Ескерту: Ойнатылатын диск осы функцияны қолдауы қажет.

Қарау ракурсы.
Камера бұрышын өзгерту мүмкіндігі көрерменге фильмді əр түрлі
жағдайдан қарауға мүмкіндік береді.
1. қашықтықтан басқару пультіндегі «» (РАКУРС) батырмасын

басыңыз. Əр басқан сайын камера бұрышы өзгеріп тұратын
болады.

2. Батырманы экранда ракурс пиктограммасы пайда болғаннан кейін

басу қажет.

Ескерту: Диск көп ракурсты видео қарау мүмкіндігін қарастыратын
болса ғана, ракурсты өзгертуге болады.

Тіл.
Ойнатқыш фильмдерді сегіз тілде ойната алады.
1. «AUDIO» (ДЫБЫС) батырмасын басыңыз. Тілді таңдау менюі

пайда болады. «AUDIO» батырмасын тағы бір рет басып, қажетті
тілді таңдап алыңыз.

Ескерту: Ойнатылатын диск көп тілді қолдайтын болуы қажет.

ҚАЖЕТТІ ТАҚЫРЫПТЫ ҚАЛАЙ ТАБУ КЕРЕК.
DVD аудио дискілер бөлімдерге бөлінеді, олардың əрқайсысының
атауы бар. Əрбір бөлім бірнеше тарауларға бөлінеді. Қажетті бөлімді
DVD дискінің негізгі меню функциясының көмегімен (егер дискіде
ондай болса) не болмаса бөлім нөмірі бойынша тауып алуға болады.

Дискінің негізгі менюінің функциясы.
1. «TITLE» батырмасын басыңыз, экранда негізгі меню пайда

болады.

2. Бөлімдер атауларының арасында өту үшін стрелкалары

бар батырмаларды пайдаланыңыз. Қажетті атауды сандық
батырмалардың көмегімен оның нөмірін енгізе отырып, табуға
болады.

3. Курсорды қажетті атауға орнатып, «ENTER» (ЕНГІЗУ) батырмасын

басыңыз. Ойнатқыш таңдап алынған бөлімнің бірінші тарауын
қосады.

Ескерту:
Кейбір дискілер осы командаға жауап бермейді. Егер экранда
қандай да басқа нұсқаулар пайда болса, оларды орындаңыз. Осы
нұсқаулықта сипатталған əрекеттер кезектілігі қарапайым жəне оңай

4060.indd 57

4060.indd 57

23.10.2006 9:25:29

23.10.2006 9:25:29

Advertising