Қазақ – Vitek VT-4060 SR User Manual

Page 58

Advertising
background image

болып табылады. Диск мазмұнының қиындығына байланысты негізгі
əрекеттер алгоритмінен ауытқулар болуы мүмкін. VCD2.0 видео
дискілерін ойнату кезінде «TITLE» батырмасы менюге қайтару үшін
пайдаланылады.

МЕНЮ: МЕНЮ/РВС (ойнатуды бақылау).
Егер аудио дискіні ойнату кезінде «РВС» функциясы қосылған болса,
тректі тек дискінің негізгі менюі арқылы таңдауға болады. Егер
«РВС» функциясы өшірілген болса, онда басқару пультінің сандық
батырмаларының көмегімен оның нөмірін енгізе отырып, қажетті
тректі таңдап алуға болады. Егер дискіні ойнату кезінде «MENU»
(МЕНЮ) батырмасын басса, негізгі менюдің мазмұны шығады.

Қайталау.
Осы ойнатқыш жеке тарауларды, тректерді, тақырыптарды немесе
сегменттерді қайта ойнатуға мүмкіндік береді.
1. Сіз қайталағыңыз келетін жолды таңдаңыз.
2. «REPEAT» (ҚАЙТАЛАУ) батырмасын басыңыз.

Қайта ойнату режимі «REPEAT» (ҚАЙТАЛАУ) батырмасын əр басқан
сайын тарауды қайталаудан бөлімді қайталауға, барлық жазбаны
қайталауа, қайталау режимін өшіруге өзгеріп отырады.

Ұлғайту.
Ойнату кезінде немесе баяу айналдыру кезінде сурет ұлғайтылуы
мүмкін (ең көбі төрт есе). «ZOOM» (ҰЛҒАЙТУ) батырмасын бір рет
басыңыз, бұл бейнені екі есе ұлғайтады, ал екінші рет басқанда
сурет үш есе ұлғаяды. Үшінші рет басқанда сурет төрт есе ұлғаяды.
Төртінші рет басу бейнені жартылай кішірейтеді, ал бес рет басу үш
есе, ал алты рет басу төрт есе кішірейтеді.
Ұлғайту режимінде суретті қозғалту үшін стрелкалары бар
батырмаларды пайдалыныңыз. Бейненің қалыпты өлшеміне қайтып
оралу үшін «ZOOM» (ҰЛҒАЙТУ) батырмасын жетінші рет басыңыз.
Бейне орталыққа қатысты ұлғаяды.

Дыбыс қаттылығын арттыру жəне дыбысты өшіру.
Осы ойнатқышта дыбыс қаттылығының деңгейі қашықтықтан
басқару пультінің көмегімен реттеледі, дыбысты ұлғайту үшін
«VOL+» батырмасын, ал дыбысты азайту үшін «VOL-« батырмасын
басыңыз. Дыбысты мүлдем өшіріп тастау үшін MUTE (ТЫНЫШТЫҚ)
батырмасын басыңыз. Бастапқы дыбысталу деңгейін қалпына келтіру
үшін «MUTE» батырмасын қайта басыңыз.

Бағдарламалау.
Осы функция тректерді ойнату тəртібін бағдарламалауға мүмкіндік
береді. «PROG» батырмасын басыңыз, экранда бағдарламалау
режимінің менюі пайда болады. Тректерді ойнату тəртібін енгізу үшін
сандары бар батырмаларды пайдаланыңыз (трек нөмірлерін қажетті
реттілікте енгізіңіз). Енгізілген кезектілікті ойнату үшін курсорды
«START»(БАСТАУ) жолына орнатыңыз жəне «ENTER»(ЕНГІЗУ)
батырмасын басыңыз. Бағдарламалау режимінен шығу үшін «PROG»
батырмасын тағы бір рет басыңыз.

А-В қайталау.
DVD, видео немесе аудио дискіні ойнату кезінде белгілі бір
фрагментті қайта ойнату үшін A-B батырмасын басыңыз.
А нүктесін таңдау үшін (фрагмент басы) A-B батырмасын бір рет
басыңыз, В нүктесін таңдау үшін (фрагмент соңы) жəне оны ойнату
үшін А-В батырмасын тағы бір рет басыңыз.
Қайталауды тоқтатып, қалыпты ойнату режиміне оралу үшін А-В
батырмасын тағы бір рет басыңыз.

Күту режимі.
Ойнатқыш қосулы болған кезде ойнатқышты күту режиміне ауыстыру
үшін «STANDBY» (КҮТУ РЕЖИМІ) батырмасын басыңыз. Ойнатқышты
қайта қосу үшін жəне дискіні ойнатуды қалпына келтіру үшін сол
батырманы екінші рет басыңыз.

Сақтандыру: күту режимінде ойнатқыштың қорегі өшпейді. Егер Сіз
ойнатқышты ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болсаңыз, онда оны
алдыңғы панельде орналасқан «POWER» (ҚОРЕК) батырмасының
көмегімен өшіріңіз.

CH деңгейі (канал).
Каналды таңдау үшін «CH» батырмасын басыңыз жəне таңдалған
деңгейде сигнал деңгейін реттеу үшін «VOLUME+/-» батырмаларының
бірін басыңыз.

V-режимді ауыстырыпқосқыш.
Видео сигналды шығару режимдерінің арасында ауыстырып қосу
үшін арналған (егер сурет бейнеленбесе немесе бұрмаланса, жақсы
сапалы бейнеге қол жеткізгенге дейін каналдарды ауыстырып
қосыңыз).

Тембр.
Дыбыстық сигналдың тембрін өзгерту үшін «TONE» (ТЕМБР)
батырмасын жəне «VOLUME+/-» батырмаларының бірін басыңыз
(төмен жиіліктердің, орташа жəне жоғары жиіліктердің қатынасы).

MP3 жəне MPEG опциялары.
MP3 немесе MPEG дискіні салғаннан кейін экран менюі келесі түрде
болады:

Тізімнен тректі таңдап алу үшін бағыттау батырмаларын
пайдаланыңыз. Таңдалған тректі ойнату үшін «PLAY» (ПУСК)
батырмасын басыңыз.

Ескерту:
MP3 файлдарды ойнату кезінде жылдам алдыға/артқа өту жұмыс
істемейді.
Ойнатқыш келесі жағдайларда МР3 файлдарды анықтамайды жəне
ойнатпайды:
- ойнатқыш файлды кодтау типін анықтай алмай жатыр (дискінің

MP3 форматтағы диск екеніне көз жеткізіңіз);

- диск қатты тырналған, зақымданған немесе өте кір;
- дисковод жабылмаған.

JPEG файлдары
JPEG файл кодталған видео сигналдан тұрады, ол ішіне орнатылған
микрокомпьютермен кодтан шығарылады жəне теледидар
қабылдағышына видео шығыс арқылы беріледі. Бұл функция бірнеше
жағдайларда өте пайдалы. Мысалы: оқытушы JPG бейнелерді
экранға шығару үшін сандық камера немесе сканерді пайдалануы
мүмкін, бірақ ең қолайлысы бейнелерді компакт дискіге жазып алу
жəне оларды DVD ойнатқыштың жəне теледидар қабылдағышының
көмегімен қарау болып табылады. Бұл оқытушының презентацияны
дайындауға жəне оны сақтауға кететін уақытын үнемдейді (компакт
дискілердегі деректер 100 жылдан көп сақталмайды). Сандық
камераның немесе сканердің көмегімен суреттерді сандауға болады,
бұл оларды кейіннен дискіге жазып алу үшін қажет. Мысалы, егер бір
сурет 100 килобайт алатын болса, онда дискіге шамамен 6000 сурет
сыйюы мүмкін.
Дəл осылайша өндірушілер сатып алушыларға өз тауарларының
суреттерін көрсете алады.

Ескерту: Диск мазмұны диск типіне байланысты өзгеруі мүмкін.
1. Ойнатқышқа JPEG дискіні салған кезде автоматты түрде

слайдтарды қарау қосылады. Əрбір сурет экранға оның
параметрлеріне сəйкес шығарылады. Көруді тоқтату үшін жəне
бейнелер каталогына өту үшін «STOP» батырмасын басыңыз,
бір файлдан екінші файлға өту үшін бағыттау батырмаларын
пайдаланыңыз. Таңдалған файлды қарау үшін «PLAY» (ПУСК)
батырмасын басыңыз.

Егер слайдтарды көрсету режимі таңдалса, көрсету каталогта
таңдалған суреттен басталады.

2. Бағыттау батырмаларының көмегімен суретті айналдыруға

болады. Осы операция сурет қалыпты режимде бейнеленетін
болса ғана мүмкін болады, келесі суретті көрсетуге өткен кезде
операция тоқтайды.

3. Бейнені ұлғайту операциясын орындау үшін «ZOOM» (ҰЛҒАЙТУ)

батырмасын басыңыз,

батырмаларының көмегімен

ұлғайту масштабын таңдап алыңыз. Ұлғайту режимінде бағыттау
батырмаларының көмегімен суреттерді экран бойынша қозғалтуға
болады.

Егер ұлғайту режимі өшірілген болса, онда келесі сурет экран
параметрлері бойынша шығады.

Ұлғайту режимінен шығу үшін жəне слайдтарды көрсетуді қалпына
келтіру үшін «PLAY» батырмасын басыңыз.

JPEG файлдарды ойнатуды шектеу.

ойнатқыш қосымша түстер (сары, қызыл күрең, көгілдір)

пайдаланылған JPEG файлдарды ойнатпайды;

ҚАЗАҚ

58

4060.indd 58

4060.indd 58

23.10.2006 9:25:29

23.10.2006 9:25:29

Advertising