Қолдануға дайындау – Philips HD9110 User Manual

Page 50

Advertising
background image

2

Таму табағынан жапсырмаларды алып, ылғал шүберекпен сүртіп тұрыңыз.

3

Су ыдысы ішін дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз.

Қолдануға дайындау

1

Құралды тегіс, тұрақты және көлбеу жерге қойыңыз.

2

Су кіретін жерден су ыдысына максималды деңгейге шейін су құйыңыз. (Cурет 2)

Су ыдысына тек ғана су құю керек. Су ыдысына ешқашан дәм шығарушы қоспа, май, немесе

басқа заттарды қосуға болмайды.

3

Су ыдысының 1-таму табағын негізіне орнатыңыз (Cурет 3).

Ескертпе: Құралды таму табағынсыз қолдануға болмайды.

4

Егер қаласаңыз, бумен пісіріп жатқан тағамыңызға қосымша дәм қосқыңыз келсе,

кептірілген немесе қунақы шөптерді немесе дәмдеуіштерді дәм шығарушыға

салыңыз (Cурет 4).

Мәселен, жебіршөп, кориандр, насыбайгүл, аскөк, карри және шыралжын жусан сияқты өте

тамаша шөптер мен дәмдеуіштерді сіз дәм шығарушыға салуыңызға болады. Сіз оларды

сарымсақпен, зеремен, немесе ақжелкекпен байланыстырып, тұз қоспастан дәмін кеңейте

аласыз. Біз сізге беретін кеңесіміз, кептірілген шөп болса, 1/2 шәй қасықтан 3 шәй қасыққа

шейін, қолданыңыз демекпіз. Егер сіз қунақы шөптер және дәмдеуіштер қолданып жатсаңыз,

одан до көп салыңыз.

Әр түрлі тағам түріне арналған шөптер және дәмдеушілер түрі жөніндегі кеңестерді «Тамақ

кестесі және бумен пісіру кеңестер» тармағындағы бумен пісіру кестесінен табасыз.
Кеңес: Егер шөптерді қолданып жатқан болсаңыз, таму табағын шайып, дәм шығарушыны сулап

жіберіңіз. Осының арқасында шөптер немесе дәмдеуіштер дәм шығарушының тесіктерінен

түсіп кетпейтін болады (Cурет 5).

5

Бумен пісірілетін тамақты бумен пісіру табақтарының және/немесе сорпа/күріш

табағының біреуіне немесе екеуіне де салыңыз.

- Бумен пісіру табақтарына тым көп тамақ салмаңыз. Жеткілікті түрде бу ағыны жүріп отыру

үшін, тамақтарды кесектер арасында жеткілікті орын қалдырып салыңыз.

- Ет және тауықтарды әрдайым ең төменгі бумен пісіру табағына салыңыз, сонда шикі

немесе жартылай пісірілген еттің немесе тауықтың шырыны басқа тамақтарға тамбайды.

- Үлкенірек тамақ кесектерін және бумен ұзақ пісірілетін тамақтарды төменгі бумен пісіру

табағына салыңыз.

- Жұмыртқаларды ыңғайлы түрде бумен пісіру үшін, оларды жұмыртқа ұстағыштарына

салыңыз (Cурет 6).

6

Бумен пісіру табақтарының біреуін немесе екеуін де таму табақтарына қойыңыз. Егер

сорпа/күріш табағын қолданғыңыз келсе, оны жоғарғы бумен пісіру табағына салыңыз.

Табақтардың дұрыс салынуын және олардың теңселмеуін қамтамасыз етіңіз (Cурет 7).

- Бумен пісіру табақтарының екеуін де қолдану міндетті емес.

- Бумен пісіру табақтары нөмірленген. Нөмірлерді сабынан табасыз. Жоғарғы бумен пісіру

табағының нөмірі — 3, ал төменгі бумен пісіру табағының нөмірі — 2.

- Бумен пісіру табақтарын міндетті түрде мына кезекпен салуыңыз керек: 2-бумен пісіру

табағы және 3-бумен пісіру табағы.

- Сорпа/күріш табағы күрішті немесе басқа сұйық тамақтарды бумен пісіру үшін арналған.

Егер сіз сорпа/күріш табағын қолданғыңыз келсе, онда сіз оны жоғарғы бумен пісіру

табағына саласыз.

- Егер сіз көп мөлшердегі тамақ пісіріп жастаңыз, бумен пісіру процессінің жартысы өткенде,

ас үй қолғабын киіп, ұзын сапты ас үй құралын қолданып, тамағыңызды араластырыңыз.

- Жоғарғы табақтағы тамақ төменгі табақтағы тамаққа қарағанда ұзағырақ піседі.

ҚазаҚша

50

Advertising