Бірнеше ингредиентті бумен пісіру, Gentle steam режимі – Philips HD9160 User Manual

Page 101

Advertising
background image

1

Басқару тұтқасын балықты пісіруге арналған режимге қойып (1),

GENTLE STEAM түймесін (2) басыңыз.

, Алдын ала орнатылған бумен пісіру уақыты дисплейде

көрсетіледі. Бұл уақыт қалыпты бумен пісіру уақытынан ұзағырақ

болады.

2

Бумен пісіру процесін бастау үшін, START/STOP («ҚОСУ/

ӨШІРУ») түймесін басыңыз.

- Gentle Steam режимінде пісіру кезінде, GENTLE STEAM түймесін

басып, қалыпты пісіру режиміне өтуге болады.

- Балыққа арналған режимде пісіру барысында, Gentle Steam

режиміне өту керек болса, GENTLE STEAM түймесін басыңыз.

- Алғашқы 5 минутта, Turbo («Турбо») режимінің жарығы жанып

тұрады. Бұл бумен пісіргіштің Turbo («Турбо») режимінің қосымша

қуатын тез қыздырып алу үшін пайдаланып жатқанын білдіреді.

Осы алғашқы 5 минут ішінде Turbo («Турбо») режимін өшіруге

болмайды.

- Құрал суық бола тұрып, Gentle Steam режимінде пісіруді бастаған

кезде, онда пісіруді қақпағы жабылған бос ыдыспен бастаңыз. Turbo

(«Турбо») жарығы сөнген кезде, қақпақты ашып, балықты салыңыз.

Кеңес: Тамақты Gentle Steam режимінде бумен пісірудің кішкентай

ыдысында (2) пісірген кезде, бумен пісірудің басқа ыдысының біреуін

немесе екеуін де кішкентай ыдыстың үстіне қоюға болады. Кейбір

керемет Gentle Steam режиміндегі тағамдарды рецепттер

кітапшасынан немесе www.philips.com/kitchen торабынан көруге болады.
turbo («Турбо») режимі
Turbo («Турбо») режимі алғашқы 5 минут бойы бумен пісіргішті

тез қыздыру үшін қосылып тұрады. Тамақ пісірудің ең қолайлы

температурасына жылдам жетеді, сондықтан дәрумендер мен

минералдар құрамы сақталады.

Бұған қоса, Turbo («Турбо») режимін келесі жағдайларда пайдалануға

болады:

- тамақты тексеру немесе араластыру үшін қақпақты ашқаннан кейін

- бір немесе бірнеше ыдысқа тамақ қосқан кезде

- су ыдысын қайта толтырған кезде

Turbo («Турбо») режимін қосу үшін, TURBO («ТУРБО») түймесін

басыңыз. Turbo («Турбо») режимі 1 минут бойы қосылып тұрып,

автоматты түрде өшеді. Turbo («Турбо») жарығы сөнеді, ал бумен

пісіргіш пісіруді қалыпты режимде жалғастырады. Қосылып тұрған Turbo

(«Турбо») режимін өшіру үшін, TURBO («ТУРБО») түймесін қайтадан

басыңыз.
Ескертпе: Алдыңғы бумен пісіру процесі аяқталған кейін, 5 минуттың

ішінде Gentle Steam режимі қосылса, су әлі жылы болғандықтан, Turbo

(«Турбо») режимі қосылмайды және Turbo («Турбо») жарығы жанбайды.

1

2

ҚазаҚша

101

Advertising