Turbo («турбо») режимі – Philips HD9160 User Manual

Page 102

Advertising
background image

Жылы етіп сақтау бағдарламасы.
Пісіру уақыты аяқталған соң, құрал 3 рет дыбысты сигнал беріп,

автоматты түрде жылы сақтау режиміне өтеді. Құралдың жылы сақтау

режимінде тұрғанын көрсететін KEEP WARM («ЖЫЛЫ САҚТАУ»)

шамы жанады. Жылы сақтау режимі тамақты 30 минут бойы жылы

күйде сақтайды.

- Тамақты 30 минуттан артық жылы сақтау үшін, таймердің «+» және

«-» түймелерін басып, уақытты реттеңіз.

- Жылы сақтау циклі барысында, KEEP WARM («ЖЫЛЫ САҚТАУ»)

түймесі басылса, таймер қайтадан 30 минутқа орнатылады.

- Егер қосылып тұрған жылы сақтау режимін ажырату керек болса,

START/STOP («ҚОСУ/ӨШІРУ») түймесін басыңыз.

- Құрал өшіп тұрғанда немесе автоматты түрде өшкеннен кейін,

жылы сақтау режимін қосу үшін, алдымен KEEP WARM («ЖЫЛЫ

САҚТАУ») түймесін (1), одан кейін START/STOP («ҚОСУ/

ӨШІРУ») түймесін басыңыз (2).

Ескертпе: Жылы сақтау режимінде тұрған кезде, тамақтың әлі де

ыстық екенін, сондай-ақ, қақпақ ашылса, ыстық бу шығатынын естен

шығармаңыз.

Тазалау және күтіп ұстау

Қырғыш жөке, қырғыш тазалағыш құралдарды немесе жанармай

немесе ацетон тәріздес сұйықтықтарды құралды тазалау үшін

қолдануға болмайды.

1

Тоқ сымын қабырғадағы розеткадан суырып, құралды суытыңыз.

2

Негізінің сыртын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.

Негізін ешқашан суға батыруға немесе оны ағын су астында шаюға

болмайды.
Негізін ыдыс жуғышта жууға болмайды.

3

Су ыдысын алдымен біраз ыдыс жуу сұйықтығы қосылған жылы

суға малынған шүберекпен, одан кейін таза дымқыл шүберекпен

сүртіңіз.

4

Қақпақты біраз ыдыс жуу сұйықтығы қосылған жылы сумен

жуыңыз.

Қақпақты ыдыс жуғышта жууға болмайды.

5

Алынбалы түптерді бумен пісіру ыдыстарынан шешіңіз.

Бумен пісіру ыдыстарын, алынбалы ыдыс түптерін,

дәмдендіргішті, тамшы науасын, балыққа/күрішке арналған

ыдысты қолмен немесе қысқа цикл мен төмен температураға

орнатылған ыдыс жуғышта жуыңыз.

Қайта-қайта ыдыс жуғышта жуылатын болса, бумен пісіру

ыдыстарының түсі сәл солуы мүмкін.
Қаспақты тазалау
Су ыдысында қақ жиналса, құралды қақтан тазарту керек. Жақсы жұмыс

істеуі үшін, бумен пісіргішті қақтан тұрақты тазартып тұру керек.

1

2

ҚазаҚша

102

Advertising