Құралды қолдану – Philips HD9160 User Manual

Page 99

Advertising
background image

Құралды қолдану

1

Ашаны қабырғадағы розеткаға қосыңыз.

, Дисплей және басқару тұтқасының айналасындағы жарық

шеңбері жанады.

2

Бумен пісірілетін тамақтың түріне қарай, басқару тұтқасын алдын

ала орнатылған бумен пісіру режиміне қойыңыз.

, Алдын ала орнатылған пісіру уақыты дисплейде көрсетіледі.

Алдын ала орнатылған режимдердің уақыттарын және кеңестерді

«Тамақ кестесі және бумен пісіру кеңестері» тарауынан қараңыз.

Ескертпе: Басқару тұтқасындағы алдын ала орнатылған уақыттардан

басқа уақытты қою керек болса, керекті уақытқа ең жақын келетін

бумен пісіру режимін таңдаңыз. Одан кейін, бумен пісіру уақытын

арттыру немесе азайту үшін, таймердің «+» және «-» түймелерін

басыңыз.

3

START/STOP («ҚОСУ/ӨШІРУ») түймесін басыңыз.

, Бумен пісіру процессі басталып, таймер уақытты кері қарай санай

бастайды.

, Бумен пісірудің алғашқы 5 минутында, Turbo («Турбо») режимінің

жарығы жанып тұрады. Бұл бумен пісіргіштің Turbo («Турбо»)

режимінің қосымша қуатын тез қыздырып алу үшін пайдаланып

жатқанын білдіреді. Осы алғашқы 5 минут ішінде Turbo («Турбо»)

режимін өшіруге болмайды.

- Көп мөлшерде тамақ пісірген кезде, тамақ пісіру уақытының

жартысы өткенде, ұзын сапты ас үй құралымен тамақты

араластырыңыз. Пешке арналған қолғап кийіңіз.

- Орнатылған немесе алдын ала орнатылған уақыт аяқталған кезде,

құрал үш рет сигнал беріп, жылы сақтау режиміне өтеді.

4

Қақпағын абайлап ашыңыз.

Қақпағын ашқанда, құралдан ыстық бу шығады. Одан абай болыңыз.

- Қақпағын ашқанда, балыққа/күрішке арналған ыдысты және бумен

пісіру ыдыстарын алғанда, күйіп қалмас үшін, пешке арналған қолғап

киіңіз. Қақпақты баяу, өзіңізден аулақ ұстап ашыңыз. Қақпақтағы

жиналған суды бумен пісіру ыдысына ағызыңыз.

3x

ҚазаҚша

99

Advertising