Gentle steam режимінде пісіру, Бумен пісіру тамақтар жөнінде кеңестер, Дәмдендіргіш – Philips HD9160 User Manual

Page 108: Жемістер мен көкөністер, Ет, тауық, теңіз тағамдары, және жұмыртқа

Advertising
background image

- Етті жақсылап жуып алып, шырыны мүмкіндігінше аз ағуы үшін, сілкіп

сілкіп кептіріп алыңыз.

- Сұйықтығы ағып кететіндіктен, етті, құс етін, балықты немесе

жұмыртқаларды басқа тамақ түрлерінің астына қойыңыз.

- Жұмыртқаны бумен пісіргішке салар алдында тесіп алыңыз.

- Етті, тауықты, немесе теңіз тағамдарын, егер олар мұздатылған

болса, ешқашан бумен пісірмеңіз. Бұл тағамдардың бәрін, оларды

бумен пісірер алдында, міндетті түрде ерітіп алыңыз.

Тәтті тағамдар

- Тәтті тағамдардың дәмін күшейту үшін, қант қосудың орнына біраз

даршын қосыңыз.

Жалпы кеңестер

- Күріш пісіру үшін, балыққа/күрішке арналған ыдысқа (5) күрішпен

бірге су қосу керек. Мөлшерлері туралы ақпаратты жоғарыдағы

тамақты бумен пісіру кестесінен қараңыз.

- Сонымен қатар, балыққа/күрішке арналған ыдысты (5) пайдаланып,

көкөністі соуста немесе балықты суда пісіруге болады.

- Тағам бөліктерінің арасында бос орын қалдырыңыз.

- Егер бумен пісіру табағы тым қатты толып тұрса, бумен пісіру

процессінің жартысы өткенде, тамағыңызды араластырыңыз.

- Кішкене тамақ мөлшері үлкен тамақ мөлшеріне қарағанда қысқарақ

бумен пісіру уақытын талап етеді.

- Егер сіз тек бір ғана бумен пісіру табағын қолданып жатсаңыз, онда

2 немесе 3 бумен пісіру табағын қолданған кездегіге қарағанда

тамақ тезірек дайын болады.

- Бумен пісірудің бірнеше ыдысы қолданылған жағдайда, 5-10 минут

артық пісіріңіз.

- Үстіңгі ыдыстардағы тамаққа қарағанда, кішкентай ыдыстағы (2)

тамақ тезірек піседі.

- Жеудің алдында, тамақтың жөндеп піскенін тексеріңіз.

- Бумен пісіру барысында, тамақ немесе тамақ салынған ыдыс қосуға

болады. Ингредиентті пісіруге аздау уақыт кететін болса, кейінірек

қосыңыз.

- Қақпақ ашылғанда, бу шығады. Қайтадан және жылдам қыздыру

үшін, TURBO («ТУРБО») түймесін басыңыз.

- Құрал жылы сақтау режиміне өткен кезде, пісіру процесі шамалы

уақыт жалғасады. Егер тамақ жақсылап піскен болса, пісіру процесі

аяқталып, құрал жылы сақтау режиміне өткен соң, тамақты

пісіргіштен шығарып алыңыз.

- Егер тамақ әлі піспеген болса, ұзағырақ бумен пісіру уақытын

орнатыңыз. Бұл жағдайда сізге су ыдысына су қосу керек болуы

мүмкін.

- Бумен пісіргішті жылдам дайындалатын сорпаларды ысыту үшін

пайдалануға болады. Сорпаны балыққа/күрішке арналған ыдысқа (5)

құйып, балыққа арналған пісіру режимін қосыңыз. 250 мл сорпаны

ысытуға шамамен 10 минут уақыт кетеді.

ҚазаҚша

108

Advertising