Автоматты түрде сөндіру, Құрғақ түрде қайнату қорғанысы, Электромагниттік өрістер (эмө) – Philips HD9160 User Manual

Page 97: Алғаш пайдаланар алдында

Advertising
background image

Қолдануға дайындау

1

Құралды тегіс, тұрақты және көлбеу жерге қойыңыз.

2

Құралды розеткаға жалғамас бұрын, ток сымын негізгі бөліктегі

орауыштан толығымен босатып алыңыз.

3

Су ыдысына суды ең жоғарғы деңгейіне дейін құйыңыз.

, Су ыдысы ең жоғарғы деңгейіне дейін толы болғанда,

пісіргіш шамамен 45 минут бумен пісіре алады.

Су ыдысына тек ғана су құю керек. Су ыдысына ешқашан дәм

шығарушы қоспа, май, немесе басқа заттарды қосуға болмайды.

4

Тамшы науасын (1) негізгі бөліктегі су ыдысының үстіне

орнатыңыз.

Ескертпе: Құралды тамшы науасынсыз (1) қолданбаңыз.

5

Бумен пісірілетін тамаққа қосымша дәм беру үшін, дәмдендіргішті

тамшы науасына (1) қойыңыз.

- Дәмдендіргішке жас немесе кептірілген шөп салыңыз, шарап

секілді сұйықтықты құйыңыз немесе ең жоғарғы деңгейіне дейін

толтырыңыз.

- Әр түрлі тағам түріне арналған шөптер және дәмдеушілер түрі

жөніндегі кеңестерді «Тамақ кестесі және бумен пісіру кеңестер»

тармағындағы бумен пісіру кестесінен табасыз.

6

Бумен пісірілетін тамақты бір немесе бірнеше бумен пісіру

ыдысына және/немесе балыққа/күрішке арналған ыдысқа

салыңыз.

- Алынбалы ыдыс түптерін бумен пісіру ыдыстарының ішіне үстіңгі

жағынан салыңыз. Түптерді дұрыс орнату үшін, орнына түскенше

(сырт еткен дыбыс естіледі) ыдыстың ішіне алдымен бірінші жағын,

содан соң екінші жағын салыңыз.

- Бумен пісіру табақтарына тым көп тамақ салмаңыз. Жеткілікті

түрде бу ағыны жүріп отыру үшін, тамақтарды кесектер арасында

жеткілікті орын қалдырып салыңыз.

- Тамақтың үлкендеу бөліктерін және бумен ұзақ пісірілетін тамақты

бумен пісірудің кішкентай ыдысына (2) салыңыз.

MAX

MIN

ҚазаҚша

97

Advertising