Қауіпті, Абайлаңыз, Қазақша – Philips HD9160 User Manual

Page 95: Кіріспе, Жалпы сипаттама (cурет 1), Маңызды ақпарат

Advertising
background image

95

- Қауіпті жағдай туғызбас үшін, бұл құралды ешқашан таймер

қосқышына байланыстырмаңыз.

- Құралды штепсельдік ұшы, ток сымы немесе өзі зақымдалған болса

қолданбаңыз.

- Қуат сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін,

оны тек Philips қызмет орталығында, Philips ұсынған қызмет

орталығында немесе тиісті білімі бар мамандар алмастыру керек.

- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құралды

пайдалану нұсқауларынсыз, мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі,

сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдардың (соның ішінде

балалар) бұл құралды қолдануына болмайды.

- Балаларды бақылап, олардың құралмен ойнамауын қадағалаңыз.

- Ток сымын балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Ток сымын

үстелдің немесе құрал тұрған жұмыс бетінде салбырап тұрмауын

қадағалаңыз.

- Қуат сымын ыстық беттерден аулақ ұстаңыз.

- Құралды розеткаға жалғамас бұрын, ток сымын негізгі бөліктегі

орауыштан толығымен босатып алыңыз.

- Етті, тауықты, немесе теңіз тағамдарын, егер олар мұздатылған

болса, ешқашан бумен пісірмеңіз. Бұл тағамдардың бәрін, оларды

бумен пісірер алдында, міндетті түрде ерітіп алыңыз.

- Бумен пісіргішті тамшы науасынсыз (1) қолдануға болмайды. Ыстық

су құралдың сыртына шығуы мүмкін.

- Бумен пісіру ыдыстарын және балыққа/күрішке арналған ыдысты

тек негізгі бөлікпен пайдаланыңыз.

Ескерту

- Бұл құрал тек үйде пайдалану үшін жасалған. Дүкендер, кеңселер,

фермалар, т.б. жұмыс орындарының қызметкерлер тамақтанатын

асханасы сияқты орталарда қолдану үшін жарамайды. Сондай-

ақ қонақ үйлерде, мотельдерде, жатақ пен таңғы ас берілетін

орындарда, басқа да тұрғылықты орталарында қолдану үшін де

жарамайды.

- Егер құрылғы дұрыс пайдаланылмаса, кәсіби немесе жартылай

кәсіби мақсаттарға пайдаланылса, пайдаланушы нұсқауларына

сәйкес қолданылмаса, кепілдік жарамсыз болады және Philips

компаниясы болған зақымдарға байланысты кез келген

жауапкершіліктен бас тартады.

- Басқа өндірушілердің бөлшектерін немесе қосымша

қондырғыларын, сондай-ақ Philips арнайы кеңес ретінде ұсынбаған

бөлшектерді қолдануға болмайды. Егер сіз сондай бөлшектерді

немесе қосымша қондырғыларды қолданған болсаңыз, онда сіздің

кепілдігіңіз өз күшін жоғалтады.

- Құралдың негізгі бөлігін температурасы жоғары , ыстық газы, буы

бар, сондай-ақ, бумен пісіргіштің өзінен тыс басқа құралдардан

шығатын ылғалды ыстығы бар жерде сақтамаңыз. Бумен пісіргішті

жұмыс жасап тұрған немесе ыстық плитаның немесе пештің үстіне

немесе жанына қоюға болмайды.

- Құралды бумен зақымдалуы мүмкін заттардың, мәселен қабырғалар

мен ас үй шкафтары секілді заттардың астына немесе жанына

қоюға болмайды.

- Құралды жарылуы мүмкін немесе жанып кетуі мүмкін булар шығып

тұрған жерде немесе солардың жанында қолдануға болмайды.

ҚазаҚша

Advertising